Журналистің айтуынша, жолдасының өмірге деген қарқыны өзіне де ерекше шабыт береді.
Тележүргізуші Динара Сәтжан жұбайы Жұмабек Жанықұловпен бірге түскен суретін жариялап, олардың өмір салты туралы әсерлі жазба қалдырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы
Журналистің айтуынша, жолдасының өмірге деген қарқыны өзіне де ерекше шабыт береді.
«Бір кездері өзімді өте энергиясы көп адаммын деп ойлайтынмын. Кейін Жұмабекпен танысып, мүлде басқа деңгейді көрдім. Таңғы сағат 5-те тұрып, басқа елге еш қиналмай жолға шыға салу – біз үшін қалыпты нәрсе. Барлығын жеңіл әрі позитивпен қабылдаймыз. Бұл – біздің өмір салтымыз», – деп жазды ол.
Динара Сәтжанның сөзінше, өмірлік серіктің адамға берер қолдауы аса маңызды.
«Жаныңда энергияңды сарқымай, керісінше оны еселейтін адамның болғаны өте маңызды», – деді тележүргізуші.
Сондай-ақ ол сапар барысында біраз қиындықтарға қарамастан, бәрін үлгергендерін айтты.
«Біз Бішкекке дейін бес сағаттай жүрдік. Одан кейін Ыстықкөлге тағы 4,5 сағат жол болды. Жол жөнделіп жатқандықтан, көлікте киім ауыстырып, макияж бен шаш үлгісін бағдаршамдардың арасында жасап үлгердім. Біз басқаша өмір сүре алмайтын сияқтымыз», – деп бөлісті Динара Сәтжан.