$ 488.37  559.77  6.64

«Қатты жетіспейсің...»: Актер Мұрат Бисембиннің әйелі жазбасымен елді жылатты (ФОТО)

"Мен сені қатты сағынамын".

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал актер, марқұм Мұрат Бисембиннің әйелі желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жарын жоқтаған ол көпшіліктің жүрегін елжіретті. 

"ІШІМДЕГІ ДИАЛОГ

— Сен жанымдасың ба?
— Әрдайым.

— Мен сені қатты сағынамын. Әсіресе, маңызды шешім қабылдау керек кезде. Бұрын саған бір қарасам, не істеу керегін бірден түсінетінмін.

— Ал қазір ше?

— Қазір сенің жанарыңды естеліктерден іздеймін.

— Таба аласың ба?

— Кейде. Бірақ бәрібір дауысыңды естігім келеді.

— Сен оны ойлағаныңнан да жиі естисің. Өз даналығыңнан, мейіріміңнен, жасаған істеріңнен.

— Бірақ жүрегім әлі де ауырады.

— Білемін.

— Кейде тағдырға ашуланамын. Уақытқа ашуланамын. Бізді бірге қартайту мүмкіндігін тартып алғанына ашуланамын.

— Жоқ болғаны — дастарқан басындағы менің орным. Үй ішіндегі аяқ дыбысым. Даусым ғана. Ал махаббат ешқайда кеткен жоқ.

— Бұл өте қиын.

— Бірақ сен бәрін еңсеріп келесің.

— Оны қайдан білесің?

— Өйткені сенің қаншалықты мықты екеніңді мен әрдайым білетінмін. Бұрын сен маған сүйенетін едің, ал қазір өзіңе сүйенуді үйреніп жүрсің.

— Мен сені жақсы көремін.

— Мен де сені жақсы көремін", - деп жазды ол. 

Оқырмандар қолдау білдіріп, көңіл айтты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0