$ 488.37  559.77  6.64

«Айырылып қалдым»: Режиссер Ақан Сатаевтың қызы қайғылы хабармен бөлісті (ФОТО)

"Барлығы да Алланың қалауымен".

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Танымал режиссер Ақан Сатаевтың қызы Мариям Сатай желідегі парақшасында қайғылы хабармен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол құрсағындағы 3 айлық сәбиінен айырылып қалған.

“Әрбір жүктілік сәбиімен қауышумен аяқтала бермейді Мен үш ай бойы жүрегімнің бір бөлшегін бойымда көтеріп жүрдім. Қатты токсикоздан қиналдым, жүктілікті сақтап қалу үшін күрестім, жоспар құрдым, күттім, талай сезімді бастан өткердім… Алайда дамымай қалған жүктілікке тап болдым. Мұндай жоғалтулар туралы көп айтыла бермейді. Бірақ бұл сынақтан ойлағанымыздан әлдеқайда көп әйел өтеді. Әрқайсыңызды құшақтаймын! Барлығы да Алланың қалауымен”, - деп жазды ол.

Оқырмандар оған қолдау көрсетіп, жылы тілектерін жазуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0