"Қазақтың халық әні көкте қалықтай берсін!"
Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында тыңдармандарын жаңа бейнебаянмен қуантты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол өзінің ресми аккаунтында ұшақ алдында отырып, қазақтың халық әні «Ақеркені» орындаған сәтінен үзінді жариялады.
Әнші жазбасына:
«Ұшақты қолға алып, Аспан әлеміне Ақеркені паш еттім. Баршаңызға қолдауларыңыз үшін алғыс айтамын. Қазақтың халық әні көкте қалықтай берсін!», – деп жазды Димаш.
Димаш ән айтып қана қоймай, ұшақты өзі басқарды. Әлемдік сахналарды бағындырған әртіс бұл жолы халық әні «Ақеркені» жаңа қырынан танытып отыр.