Нарұл қандай сымбатты болып өсіпті, нағыз модельге ұқсайды
Әлеуметтік желіде қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың үлкен ұлы Нарұлмен бірге түскен жаңа видеосы тарады, деп хабарлайды Sn.kz акпарат порталы.
Бейнежазба дыбыс жазу студиясында түсірілген. Кадрларда әкелі-балалы екеуі де күннен қорғайтын көзілдірік тағып тұрғанын көруге болады. Желі қолданушылары Нарұлдың тәрбиесіне, сабырлы болмысына және әкесіне қатты ұқсайтынына ерекше назар аударған.
Көпшілік жас жігіттің сымбатты келбетін де жоғары бағалап, оны нағыз жігіт болып ержеткенін жазуда. Әлеуметтік желідегі мәліметтерге сүйенсек, Нарұл 9-сыныпты үздік аяқтаған.
Пікір қалдырған оқырмандардың бірі: «Нарұл қандай сымбатты болып өсіпті, нағыз модельге ұқсайды», – десе, енді бірі: «Ол әкесіне де, анасына да ұқсайды. Бақытты болсын», – деген тілегін білдірген. Тағы бір желі қолданушысы: «Қайраттың өмірінің мәні бар деп айтуға болады. Жары да көрікті әрі ақылды жан, ата-анасы да өнегелі адамдар», – деп жазған.