$ 487.02  552.23  6.51

«Халқым, көмектесіңдер!»: Блогер Джузефинаны полиция үйінен ұстап әкетті (ФОТО)

"Шешемнен арыз түсті". 

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Танымал блогер Жұлдыз Жауынбаева өзінің пәтерінде ұсталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оны Алматы қаласы, Бостандық ауданына қарасты полиция департаменті өкілдері ұстап алып кеткен. 

"Шешемнен арыз түсті. Бүгін сағат кешкі 18:00 үйімнен досымды шығарып салып жатқанда полиция қызметкерлері күтіп алды. Есікті жаптырмай Бостандық ауданының полиция бөлімшесіне алып кетті. Мені ұстап алып кетті. Бәрінің әділетті өткенін қалаймын. Халқым көмектесіңіздерші, өтінемін", - деп жазды ол. 

Белгілі болғандай полиция оны арыз бойынша және тікелей эфирдегі боғауыз сөздері мен орынсыз қылықтары үшін ұстаған. 

Желі қолданушылары блогерге көмек керек екенін жазып, блогер достарына өтініш жасауда.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 4
Күлкілі 1
Ашулы 1