30.06.2026, 16:00

«Нағыз ер-азамат тәрбиелепті»: Ләйлә Сұлтанқызының ұлдарының әрекеті жұртты тәнті етті (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Белгілі тележүргізуші әрі журналист Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде ұлдарының өзіне жасаған тосын сыйын көрсетіп, оқырмандарын сүйсінтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Медиамаман үйге шаршап келген сәтінде ас үйге кірмек болғанын, алайда үлкен ұлы Сағадат оны кіргізбей қойғанын айтты. Кейін белгілі болғандай, ұлдары анасына гүл сыйлап, тосын сый жасауды жоспарлаған.

«Үйге шаршап келіп, кухняға кіре қояйын десем, кіргізбеді. Сөйтсем, гүлдерін ас үйге тығып, інісін күтіп жүр екен Сағадат!

Ашуым да, шаршауым да бірден басылды. Бір-біріне ұқсамайтын екеуім менің! Сендер барда, әр күнім – мереке!», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Желі қолданушылары тележүргізушінің жазбасына жылы пікір қалдырып, ұлдарының тәрбиесіне тәнті болғандарын жеткізді.

«Енді ұлдарыңның қызығын көретін шаққа жеттіңіз», «Нағыз ер-азамат болып өсіпті», «Тәрбиесі қандай керемет!» деген пікірлер көптеп жазылған.