01.07.2026, 12:40

«Қай жеріммен суретке түсіп жатсың»: Ұлықпан Жолдасов тойда көпті күлкіге қарық қылды (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Ұлықпан Жолдасов тойда айтқан әзілімен жұртты күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Танымал әнші Ұлықпан Жолдасов кезекті тойлардың бірінде жиналған көпшіліктің көңілін көтеріп, әзілқой мінезімен ерекше әсер қалдырды.

Өнер иесі өзімен бірге суретке түскісі келген жанкүйерлерімен қалжыңдасып, жиналғандарды күлкіге бөледі.

«Құрсын, менің қай жеріммен суретке түсіп жатсың? Қыртыс-қыртыс дымым қалмады», – деді әнші әзілдеп.

Осыдан кейін Ұлықпан Жолдасов жас жұбайларға ақ тілегін арнап, көпшілікке танымал «Алтынай» әнін орындап берді. Әншінің жылы лебізі мен көтеріңкі көңіл күйі той қонақтарының ыстық ықыласына бөленді.