01.07.2026, 14:40

«Отбасымыз үшін ауыр қаза»: Белгілі блогердің анасы дүниеден өтті

Коллаж: sn.kz

Бұл дерт бауырдың ауыр циррозына әкелген.

Танымал блогер Нұрбек Нұртаза әлеуметтік желідегі парақшасында анасының өмірден өткенін жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«2026 жылдың 25 маусымында анамыз өмірден өтті. Соңғы апталар отбасымыз үшін ең ауыр кезең болды. Біз соңына дейін үміттендік, дұға жасадық, ғажайыпқа сендік. Анамыз соңына дейін күресті», – деп жазды ол.

Оның айтуынша, анасы сирек кездесетін генетикалық Вильсон ауруына шалдыққан. Бұл дерт бауырдың ауыр циррозына әкелген.

«Біз қолдан келгеннің бәрін жасадық, әрбір үмітке жармастық. Алайда Алланың жазғаны басқа болды. Анамыздың немерелеріміздің өскенін көргенін, олардың қуанышына ортақтасқанын қаладым. Бірақ бұл өмірде бәрі біздің қалауымызға байланысты емес», – деп жазды ол.

Блогер осы қиын кезеңде қолдау білдірген барша жанға алғысын айтты.

«Қолдау сөздерін арнаған, анам үшін шын жүректен дұға жасаған, қан тапсырған, бізбен бірге алаңдап, бей-жай қалмаған әр адамға шын жүректен алғыс айтамын. Қолдауларыңыз бізге күресуге күш берді», – деді ол.

Соңында ол оқырмандарынан анасының рухына дұға бағыштауды сұрады.

«Мүмкіндік болса, анамның рухына дұға оқып қойыңыздар. Бұл ол үшін ең қымбат сый болар еді. Алла оның барлық күнәсін кешіріп, жасаған ізгі амалдарын қабыл етсін, қабірін кең әрі нұрлы етіп, Жәннаттың ең жоғары дәрежесін нәсіп етсін. Әмин. Ата-аналарыңызды қадірлеңіздер. Олар жанымызда жүргенде жиі құшақтап, хабарласып, жақсы көретіндеріңізді айтып жүріңіздер. Анашым, мен сізді қатты жақсы көремін. Барлығы үшін рақмет. ИншаАлла, бір күні қайта қауышамыз», – деп түйіндеді блогер.