Өнер иесі жарына деген сезімінің жылдар өтсе де өзгермегенін айтып, оқырмандарына алғысын жеткізді.
Танымал әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі жарына деген сезімінің жылдар өтсе де өзгермегенін айтып, оқырмандарына алғысын жеткізді.
«Сезімімді міне, 30 жылға жуық мөлдір күйінде сақтап келе жатқан ақ жігітімді шоколад қылып алдарыңызға алып шықтым. Жаңа әніме жылы лебіз білдіріп, жақсы пікір қалдырған әрқайсыңызға алғысымыз шексіз! Иә, сезімді сақтай білу де, аялай білу де – үлкен өнер. Бірақ ол ешқашан бір адамның ғана еңбегімен болмайды. Екі жүрек бірдей ықылас танытып, бір-бірін түсініп, құрметтеп, бағалай білгенде ғана сезім уақыттың сынынан сүрінбей өтеді.
Баршаңыздың жүректеріңіздегі мөлдір сезім ешқашан солмасын!»,– деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншінің жазбасына жылы лебіздерін білдіріп, өнердегі жұпқа ұзақ ғұмыр, бақ-береке мен шығармашылық табыс тіледі.