$ 471.04  538.54  6.17

«Үш ай салып дүниеден озды»: Айгүл Иманбаева әкесі туралы жазды (ВИДЕО)

Өнер иесі араға 40 жыл салып әкесімен қайта қауышқанын және сол кездесуден кейін көп ұзамай әкесінен айырылғанын еске алды.

Фото: vk.com/id247749170
Фото: vk.com/id247749170

Қазақстандық әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында өміріндегі ең ауыр сәттердің бірі туралы сыр шертті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі араға 40 жыл салып әкесімен қайта қауышқанын және сол кездесуден кейін көп ұзамай әкесінен айырылғанын еске алды.

«Араға 40 жыл салып, әкеммен қайта табысқан едім. Сонда әкем: "Екінші жолдасымнан туған қызымды өз үйіріме қостым, енді бұл дүниеде арманым жоқ", – деген еді. Содан кейін араға үш ай салып дүниеден озды. Адам баласының "арманым жоқ" деп айтпауы керектігін сонда ғана түсіндім. Ешқашан армандаудан шаршамаңыздар, армандарыңыз асқақ болсын», – деп жазды Айгүл Иманбаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0