Қатты ыстық болса тез қызаратын еді…
Тұрсынбектің екінші әйелі саналатын Айман есімді келіншек желіде жазба жариялап, жұрттың ашуына тиді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол үйінің ауласына егін егіп, соның жемісін көріп жатқанын айтып, көпшілікке мақтанды.
«Бәрі өзіміздікі, өндірістікі. Иә, жақында ғана еккен едік. Уже пісіп жатыр. Бала тапқандікі емес, баққандікі дейтін бе еді?! Қатты ыстық болса тез қызаратын еді…бірақ бұл Астана ғой, піскенін күтеміз», деді ол.
Бірақ көпшілік келіншектің мақалына ашуланды.
«Тұрсынбекті айтып тұр ғой, Мөлдірдікі, менікі емес деп», «Не деді, түсінгендер бар ма?», «Бұл жерде баланың не қатысы бар», деп жазды көпшілік.