09.07.2026, 12:20

«Таңды аман-сау атырдым»: Нұрғали Нүсіпжанов елді жазбасымен ойландырып қойды

Фото: видеодан скрин

Ол жас әйелімен бірге түскен видеосын жүктеп, астына жазба қалдырған. 

Танымал әнші Нұрғали Нүсіпжанов желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол жас әйелімен бірге түскен видеосын жүктеп, астына жазба қалдырған. 

"ЖАРАТҚАННЫҢ ЖАРЫЛҚАҒАНЫНА МЫҢ ДА БІР ШҮКІР… Бүгінгі күніме шүкір… Арайлап атқан ақ таңды аман-сау қарсы алғаныма, жылы күннің шапағат-шуағына шомып, саф таза ауаны жұтқаныма шүкір, көк аспан мен табиғаттың сан алуан сұлулығын көргеніме, сезінгеніме сансыз шүкір… Пендеміз ғой, бақытты алыстан іздейміз. Бірақ шын мәнінде, бақыт күн сайын кездесетін қарапайым нығметтердің ішінде ғой… Сондықтан әр күнім үшін, әр демім үшін, өмір сыйлаған әр сәт үшін Аллаға тағы да, тағы да Аллаға шексіз шүкір айтамын… Шүкіршілік еткен жүрек, кешірімшіл кең жүрек еш уақытта кедей болмайды. Барға разы болған жанның бақыты да, берекеті де арта береді… Өз басым осы тәмсілге кәміл сенем", - деп жазды ол.