$ 467.98  533.87  6.11

«Куәгер болып шықты»: Әншіні соққыға жықты деген Мұқасан Шахзадаевқа қатысты тың ақпар шықты

Түпкілікті құқықтық бағаны сот береді.

Фото: Әлеуметтік желіден
Фото: Әлеуметтік желіден

Алматыда “Нұр-Мұқасан” тобының солисі Ғалымжан Сүлейменді соққыға жығу дерегіне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Бұл іс бойынша танымал әнші Мұқасан Шахзадаев куә мәртебесінде көрсетілген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сот кабинетінде жарияланған мәліметке сүйенсек, іс 2025 жылғы маусымда тіркелген. Қылмыстық істі Алматы қаласының Наурызбай аудандық соты қарап жатыр. Істі судья Бейнегүл Қайсина жүргізеді. Ал сотталушы ретінде Мұқасан Шахзадаевтың әкімшісі Азамат Есеркенов көрсетілген.

Сотта жәбірленуші Ғалымжан Сүлеймен жанжалдың неден басталғанын айтып берді. Оның сөзінше, түсініспеушілік әнші Мұқасан Шахзадаевтың бұрынғы әріптесі Нұрлан Қонысбаевпен жұмыс істеуіне байланысты туындаған.

Ғалымжан Сүлеймен 2013-2016 жылдары “Нұр-Мұқасан” тобының арт-директоры болғанын, кейін Мұқасан Шахзадаев пен Нұрлан Қонысбаевтың қайта бірге сахнаға шығуына ықпал еткенін айтты.

“2025 жылғы 19 қарашада Мұқасан ағаның үйіне бардым. Ол маған агрессия танытып, балағат сөздер айтты. Кейін үйге кіріп, қойған сұрақтарына жауап бердім. Мұның бәріне іштарлық пен көре алмаушылық себеп болды деп ойлаймын”, – деді Ғалымжан Сүлеймен сотта.

Жәбірленушінің айтуынша, дәл осы оқиғадан кейін арадағы жағдай ушыққан.

Қазір іс сотта қаралып жатыр. Түпкілікті құқықтық бағаны сот береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0