Сондай-ақ депрессияда екенін де жасырмады.
Әзілкеш Жахан Отарғалиевтің үшінші әйелі оқырмандарын алаңдатып қойды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.
“Қазір өзімді қайтадан жинап жүрмін. Маған уақыт беріңіздер”, - деді ол.
Сондай-ақ депрессияда екенін де жасырмады.
“Депрессиям аяқталып, өз қалпыма қайта оралған кезде, мені осы күйге түсіргендердің бәрін Корвалол ішетін жағдайға жеткіземін, соған сенімді болыңыздар”, - деп ашуланды Ақтолқын.
Айта кетейік, Жахан Отарғалиев әнші Балжан Бидаштан ажырасып Сейіт Ақтолқынға үйленген еді.