$ 464.71  531.26  6.05

«Дәретхана мәселесін шешсе екен»: Меруерт Түсіпбаева депутат болғысы келетін әріптестеріне үндеу тастады (ВИДЕО)

Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева елдегі тасжолдар бойындағы дәретханалардың жағдайын айтып, жаңадан сайланатын Құрылтай депутаттарына үндеу жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында Құрылтайға сайланатын депутаттардың бірі осы мәселені қолға алса екен деген тілегін жеткізді.

«Парламентке кім депутат болса да, трасса бойындағы дәретхана мәселесін шешсе екен», – деп жазды әнші.

Меруерт Түсіпбаеваның айтуынша, елді мекендер арасындағы ұзақ сапарларда жолаушыларға таза әрі қолайлы дәретхана табу әлі де қиын. Бұл әсіресе әйелдер, балалар, қарттар мен денсаулығында кінәраты бар адамдар үшін өзекті мәселе.

Айта кетейік, республикалық және өңірлік маңызы бар тасжолдар бойындағы санитарлық нысандардың жай-күйі бұған дейін де бірнеше рет сынға ұшыраған. Әлеуметтік желі қолданушылары да әншінің пікірін қолдап, бұл мәселенің әлі күнге дейін толық шешілмегенін жазып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0