$ 464.71  531.26  6.05

«Тәрбиесі бір төбе»: Димаш Жүрсін Ерманға арнайы сәлем берді (ВИДЕО)

Өнер иесі ақынның денсаулығын сұрап, үлкенге деген құрметін көрсетті.

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Қатонқарағайда өткен концерттен кейін әнші Димаш Құдайберген айтыс өнерінің көрнекті өкілі Жүрсін Ерманға арнайы барып, сәлем берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі ақынның денсаулығын сұрап, үлкенге деген құрметін көрсетті.

Бұл туралы айтыскер ақын Нұрлан Есенқұлов Instagram-парақшасында жазды. Оның айтуынша, Өр Алтайда Димашпен кездесіп, әншіге арнаған өлеңін оқып берген.

«Өр Алтайдың төрінде Димаш бауырыммен дидарласу бұйырды. Кешегі айтыста бір қайырым айтып едім», – деп жазды ақын.

Кездесу барысында Нұрлан Есенқұлов Димаш Құдайбергенге арнаған жырын орындап, туған өлке, өнер мен әншінің ел алдындағы абыройын жырға қосты.

Желі қолданушылары Димаштың концерттен кейін арнайы уақыт тауып, Жүрсін Ерманның көңілін сұрағанын жоғары бағалап, оның үлкенге деген ізеті мен тәрбиесіне ризашылықтарын білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0