$ 477.11  545.58  6.2

«Қаншама қиындық болды, бәрінен өттік»: Жахан Отарғалиев сүйінші жаңалығын жария етті (ВИДЕО)

Жақында үйлі болдық.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Белгілі актер, әзілкеш Жахан Отарғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі алдымен жарына гүл шоғын ұсынып, кейін көптен бері армандап жүрген көлікке қол жеткізгенін айтты. Актердің сөзінше, бұл – отбасы үшін көптен күткен қуаныш. Ол кейінгі уақытта бірқатар қиындықты еңсергенін айтып, қазір өмірлерінде жақсы өзгерістер болып жатқанын жеткізді.

“Аллаға шүкір, бізде бәрі бар ғой. Жақында үйлі болдық. Өткеннен бері армандап жүрген затымыз бар еді ғой. Қалай істейміз, қалай болады деп жүрдік. Бізде енді көлік бар. Аллаға шүкір, қаншама қиыншылық болды, бәрінен өттік. Енді ғана бәрі жақсы болып келе жатыр. Достар, сабыр етіңіздер. Кез келген қиыншылықтың артында үлкен жеңілдік бар”, – деді актер.

Желі қолданушылары Жахан Отарғалиевтің қуанышына ортақтасып, отбасына ақ тілектерін жазды. Көпшілік актердің сабыр мен шүкіршілік туралы айтқан сөзін жылы қабылдаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0