$ 477.11  545.58  6.2

«Сотта кездесіп жүрмейік»: Жұлдыз Әбдікәрімова өзін сынағандарға сес көрсетті  (ВИДЕО)

Актрисаның айтуынша, кейбір желі қолданушылары оның отбасылы әйел екенін алға тартып, өзге ер адаммен бірге фотосессия жасап, сахнаға шығуын сынға алған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында актер Азамат Сатыбалдымен бірге түскен фотосуреттерінен кейін ашуға мінді. Қайрат Нұртастың келіншегі, өзіне қарсы  айтылған сын-пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Актрисаның айтуынша, кейбір желі қолданушылары оның отбасылы әйел екенін алға тартып, өзге ер адаммен бірге фотосессия жасап, сахнаға шығуын сынға алған.

«Бұл – менің мамандығым! Мәселен, сіз дәрігерсіз. Хирург. Сонда алдыңызға жаны қиналып, ота жасауға келген науқасқа: “Кешіріңіз, мен тұрмыстағы адаммын, күйеуім (әйелім) бар. Өзге еркекке (әйелге) ота жасамаймын” дейсіз бе? Сотта кездесіп жүрмейік» – деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0