Өнер иесінің сөзінше, шырайлы шығыстың аспанын түркі әлемінің өнерпаздары ән-күйге бөлеп, елу мыңнан астам адам жиналған.
Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева Алтай өңірінде өткен ауқымды шара туралы пікір білдірді. Ол ұлына қолдау білдірген шығыс қазақстандықтарға ерекше ризашылығын айтты, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында бөлісті.
"Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі" фестиваліне келіп, Димаштың концертін көріп, халықтың даладай дархан пейілі не риза болып елімізге қайтып барамыз. Түркі әлемінің тұтастығын әйгілеген мұндай деңгейдегі фестиваль, мойындау керек, Астана мен Алматыда жоқ, табиғаты кіршіксіз Катон Қарағайдың төрінде өтіп жатыр!», - деді Димаштың анасы.
Өнер иесінің сөзінше, шырайлы шығыстың аспанын түркі әлемінің өнерпаздары ән-күйге бөлеп, елу мыңнан астам адам жиналған.
«50 000-нан аса жиналған халық өнерлі жастарды қошеметке бөлеген тамаша кеш болды. Осындай әсерлі сәтте Димаштың да ел алдына шығып ерекше әсерленіп, шабыттана шырқаған әндерін тік тұрып тыңдаған ағайынға шын жүректен ризашылығымды білдіремін, аман болыңыздар! Тамаша табиғат, жайлы ауа райы, керемет ұйымдастыру жұмыстары бәрі-бәрі естен кетпестей әсер қалдырды», - деп жазды Света Айтбаева.