$ 477.11  545.58  6.2

Жаңа дуэт: Жігер Ауыпбаевтың өзінен 15 жас кіші әйелі өнерімен елді таңғалдырды (ВИДЕО)

Оның жас жұбайы Мумина домбырада күй орындады.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Жуырда ғана өзінен 15 жас кіші қызға үйленген әнші Жігер Ауыпбаев отбасындағы жағдайды жариялап, елді қуантты. Ол әлеуметтік желілерінде жанкүйерлерін таңғалдырған бейнежазбаны көрсетіп, елдің ықыласына бөленді, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Оның жас жұбайы Мумина домбырада күй орындады.

Әншінің өзі көргеніне таң қалғанын жасырмай, жазылушылардың назарын аударды. 

Кадрларда қыздың ұлттық аспапта шебер ойнағаны, ал Жігердің оған тамсана қарағаны көрінеді. 

«Мен таңғалдым. Мен оның мұндай таланты бар екенін білмеппін. Келініңіз күн сайын жаңа қырларын көрсетіп жатыр. Кішкентай қыздарыңыздың кішкентай таланттарын бағалаңыздар», – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары Муминаның музыкалық қабілетін жоғары бағалап, көптеген таңданысты пікірлер қалдырды.

«Жаңа дуэт», «Айша мен Бүркіт», «Нәзік келін, жақсы ойнайды екен» деген сынды ықыластарын аямады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0