Бұл туралы ол жеке парақшасында мәлімдеді.
Әнші Мақпал Жүнісова жолда оқыс оқиғаға ұшырағанын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол жеке парақшасында мәлімдеді.
"Сіңілім екеуміз келе жатыр едік, жолда көліктің дөңгелегі жарылды. Сұлтан деген Атыраудың жігіті дөңгелекті салып беремін деді. Жақсы адамдар бар ғой, жасы ұзақ болсын", деді әнші.
Желі қолданушылары осы тұста түрлі пікір жазды.
"Бүйірден жаман кесіп алған екенсіздер. Құдай сақтапты!", "Жақсы адамдар көп болсын", "Құдай сақтаған екен, аман болыңыздар", "Адамның ниетіне қарай жақсылар кездеседі ғой", деп көпшілік Жүнісоваға амандық тіледі.