$ 469.71  536.17  6.01

«Ешкімге айтпадым, көрсетпедім»: Ерке Есмахан жарты жыл бойы көпшіліктен жасырған құпиясын ашты (ФОТО)

Алайда Ерке Есмахан әзірге нақты қандай жоба туралы айтып отырғанын ашып айтпады.

Фото: Instagram.com/erke_esmahan/
Фото: Instagram.com/erke_esmahan/

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан кейінгі алты ай бойы көпшілікке жарияламай, жасырын түрде жұмыс істеген үлкен жобасын аяқтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әнші мұны әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті. Өнер иесінің айтуынша, ол осы уақыт ішінде атқарған жұмысы туралы ешкімге тіс жармай, жобаның нәтижесін соңына дейін құпия сақтауға тырысқан.

“Алты айға созылған үлкен еңбектің нәтижесі жарыққа шығатын күн де жақындады. Осы уақыт бойы бұл жұмыс туралы ешкімге айтпай, білдірмей, сездірмей еңбек еттім.

Жұмыс аяқталған күнді естелікте сақтау үшін екі кішкентай ұлдарыммен бірге суретке түстім.

Бұл – менің өмірімдегі ең маңызды кезеңдердің бірі. Көңілімде қуанышпен қатар сәл қобалжу да бар”, – деп жазды әнші.

Жобаның аяқталуына орай Ерке Есмахан кішкентай екі ұлымен бірге естелік суретке түскен. Әншінің сөзінше, бұл фотолар оның өміріндегі маңызды күндердің бірін есте қалдыру үшін жасалған.

Алайда Ерке Есмахан әзірге нақты қандай жоба туралы айтып отырғанын ашып айтпады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0