$ 472.34  541.25  6.01

Кешью тобының 20 жылдық концерті Астанада өтеді

Бұл туралы продюсер Баян Алагөзова өзінің инстаграм парақшасында айтты.

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Танымал Кешью тобының 20 жылдық концерті енді Астана қаласында өтеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы продюсер Баян Алагөзова өзінің инстаграм парақшасында айтты. Қазіргі уақытта 1 айлық демалыстан кейін кино түсіруді және Кешьюдың барлық құрамымен қыркүйек айында бас қалада концерт қоятынын мәлімдеді. 

Айта кетейік, KeshYOU тобының 20 жылдық мерейтойына арналған концерт қазақстандық шоу-бизнес тарихындағы ең ауқымды музыкалық кештердің бірі болды. 2026 жылдың 29 мамырында Алматыдағы Орталық стадионда өткен концерт топтың екі онжылдық шығармашылық жолын қорытындылаған ерекше жоба ретінде ұйымдастырылды.

Кештің басты ерекшелігі – KeshYOU-дың әр жылдардағы құрамында өнер көрсеткен әншілердің бір сахнада бас қосуы. 

Желі қолданушылары: «Урааа», «Мен осы сәтті күттім», «Қазірден баруға дайынбыз»- деп, кешті тағатсыз күтетіндерін жеткізуде. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0