«Жылағым келіп кетті».
Кинопродюсер Гүлнұр Мамасарипова Келінжан сериалы түсірілген ауылға барып, сағынышымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Продюсердің айтуынша, жылда Келінжан сериалы түсірілген Аққайнар ауылына 7 жыл қатарынан жазда дәстүрлі түрде ауылда болған.
«Жаңа жобаға бармас бұрын, жолай ескі жобаға сәлем беріп кеткім келді. Келінжан менің бітпейтін сағынышым екен, жүрегім шаншып кетті» - деді продюсер.
Желі қолданушылары да: «Тағы Келінжан болсын», «Жылағым келіп кетті», «Бізде сағындық», «Жаңа сезонын күтеміз» - деп сағыныштарымен бөлісуде.