$ 465.74  531.08  5.92

Канье Уэстің концертіне бола «Қайрат» өз алаңында ойнай алмайтын болды

Осыған байланысты "Қайраттың" негізгі аренасы кездесуді өткізуге қолжетімсіз болады.

Фото: Shutterstock.com
Фото: Shutterstock.com

Бүгін, 2026 жылғы 24 шілдеде "Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі Еурокубоктардың үшінші іріктеу кезеңіндегі матчтың өтетін орны ауысатыны туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алматы клубының мәліметінше, 14 тамызда Алматының Орталық стадионында Канье Уэстің концерті өтетініне байланысты, бұл күн клубтың Еурокубоктағы үшінші іріктеу кезеңіндегі үй матчымен сәйкес келіп отыр. 

Осыған байланысты "Қайраттың" негізгі аренасы кездесуді өткізуге қолжетімсіз болады.

"Қалыптасқан жағдай мен еурокубок күнтізбесінің тығыздығын ескере отырып, клуб УЕФА-ға үшінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал өз алаңындағы матчтың өтетін орнын ауыстыру туралы өтініш жолдады. Өтініш қаралғаннан кейін кездесуді Түркістан қаласындағы "Түркістан Арена" стадионында өткізуге келісім берілді", – делінген "Қайрат" ФК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жанкүйерлерге матчтың нақты күні мен уақыты, сондай-ақ билеттер сатылымының басталуы команда қай кезеңде өнер көрсететіні анықталғаннан кейін қосымша хабарланатыны айтылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0