$ 465.74  531.08  5.92

«Зиян екендігіне көзім жүз пайыз жетеді»: Омар Жәлел тоқал алу туралы ойын айтты

Қазіргі адамдардың түсінігі, әйел адамдардың еркіндікке ұмтылуы басқа.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Белгілі абайтанушы, филолог Омар Жәлел Нұрислам Исаевтың ютуб арнасына сұхбат беріп, тоқал алу мәселесіне қатысты көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

«Қазақ байыса қатын алады» деген рас сөз. Бірақ қазақтың бәрі қатын алған жоқ. Тек байлар ғана. Бұл идеямен қазақ қоғамы ауырып болып қалды. Бұл енді бітеді. Бұл бұрынғы 19-ғасырдың идеясы ғой. Қазіргі заманға сай келмейді. Бұл идеяны өз басымнан өткердім. Зиян екендігіне көзім жүз пайыз жетеді. Қоғамға зиян. Қазіргі адамдардың түсінігі, әйел адамдардың еркіндікке ұмтылуы басқа. Заманына қарай амалы дейді. Ол 19-ғасырдың идеясы. Бұл идеямен біз ауырдық қой. Шын мәнінде нәпсінің қалауы ғой, иттігіміз. Дәл қазіргі заманда жарың сау болса, бала көтеруге қабілетті болса, бұл идеямен ауырудың қажеті жоқ. Бұл жастарға пайда әкелетін нәрсе емес. Басымыздан өтті, ащы-тұщыны таттық. Сондықтан айтып отырмын», - дейді ол.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/285228-omar-zalel-toqal-alu-ideiasy-qazirgi-zamanga-sai-kelmeidi

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0