Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі жастардың әрекетіне қарап, өзін «тым ыңғайлы әйел» деп санайтынын жазды.
Танымал әнші Жазира Байырбекова өмірлік ұстанымдары мен отбасы туралы ой бөлісіп, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі жастардың әрекетіне қарап, өзін «тым ыңғайлы әйел» деп санайтынын жазды.
Әнші күйеуінен материалдық нәрсе сұрамағанын, отбасы мен жұмысына бар уақытын арнағанын айтты. Сондай-ақ ол өмірдегі жетістіктерін кейбір қателіктерінің нәтижесі деп қабылдайтынын жеткізді.
«Мен көп нәрсені дұрыс жасамаппын. Қазіргі жастардың іс-әрекеттеріне қарасам мен тым ыңғайлы әйел екенмін. Күйеуімнен ешқашан материалдық ештеңе сұрамаппын. Қыздармен қыдырып, күйеуімсіз достармен бас қосып көңіл көтермеппін. Жұмысыма, отбасыма арнадым уақытымның бәрін. Мынау әйелдің міндеті, мынау еркектің міндеті демей, ауырды да, жеңілді де бірге көтеріппін. Өзімді бірінші орынға қоймай күйеуімді бірінші орынға қойып, әр шешім қабылдарда күйеуімнің көзімен қарап, күйеуімнің қалауын ескеріппін», — деп жан сырын ақтарды әнші.
Оның сөзінше, әр нәрседе соңғы шешімді күйеуінің шешкенін күткен.
«Маған қаталдық көрсетіп, ренжіткендерді де құрметтеп, сыйлап, кешіріп, түсінуге тырысыппын. Ойлана келеқазіргі жеткен жетістіктерімнің барлығы осы күнге дейін бәрін дұрыс жасамағанымның нәтижесі сияқты.Бәрін дұрыс жасаймын деп өмірлерін құртып алып жатқан жас отбасылар қаншама. Кейде кей нәрселерді дұрыс жасамаған да пайдалы, Аллаға шүкір», – деп жазды әнші.