Өнер иесі бұл жобаның өз өміріндегі қазіргі көңіл күйі мен ішкі әлемінің көрінісі екенін айтып, альбомға ерекше мән бергенін жеткізді.
Қазақстандық әнші Ерке Есмахан жаңа музыкалық альбомының жарыққа шығуына орай оның қалай дайындалғаны туралы әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі бұл жобаның өз өміріндегі қазіргі көңіл күйі мен ішкі әлемінің көрінісі екенін айтып, альбомға ерекше мән бергенін жеткізді.
«Кино түсіргендей болдық. Бұл альбом - менің дәл қазіргі ішкі әлемім, өмірім, состоянием. Жүрегім нені қалады, жаным нені сезеді, соны экран бетіне шығардым», – деп жазды әнші.
Сондай-ақ Ерке Есмахан көрермен көріп отырған нәтиженің артында үлкен шығармашылық ұжымның ұзақ еңбегі жатқанын атап өтті.
«Сіздер көрген дүние - ұзақ еңбектің соңғы нәтижесі ғана. Оның артында күн-түн демей еңбек еткен үлкен команда тұр. Осы жобаның бас продюсері @raimusican бастап, ұжымдағы әр адамның бұл альбомда өз қолтаңбасы, өз жүрегі, маңдай тері бар», – деді ол.