28.07.2026, 12:40

«Әубәкіровтей болғым келеді дегенді естімедім»: Бағлан Әбдірайымов күтпеген жазба жариялады

Коллаж: SN.kz

Сондай-ақ продюсер жастар арасында Тоқтар Әубәкіровті өмірлік үлгі тұтатындардың аздығына қынжылысын жеткізді.

Қазақстандық продюсер Бағлан Әбдірайымов тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдық мерейтойына орай әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол Тоқтар Әубәкіровті қазақ халқының мақтанышы деп атап, бүгінгі қоғамдағы нағыз тұлғалардың қадірі туралы ойын ортаға салды.

«Аңыз адам. Нағыз тұлға. Қазақтың мақтанышы – Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа толды! Қазір кім көрінгенді "тұлға" жасап жіберетін заман. Медиасы мықты, сыртқы жылтыры көп, бірақ ішкі салмағы аз талай танымал адамдарға жастардың еліктеп жүргенін көресің. Өйткені оларды қайталау оңай, солардай танымал болу да жеңілдеу көрінеді. Ал Тоқтар ағадай болу ше? Ол – ауыр жол. Тәртіп, еңбек, білім, табандылық пен Отанға адал қызмет етудің жолы. Биік арманның жолы», – деп жазды ол.

Сондай-ақ продюсер жастар арасында Тоқтар Әубәкіровті өмірлік үлгі тұтатындардың аздығына қынжылысын жеткізді.

«Осыны ойласам, бір өкініш көкейімде тұрады. Өмірімде бір баладан немесе жастан: "Мен Тоқтар Әубәкіровтей болғым келеді, сол кісінің жолын қуғым келеді" деген сөзді естіген емеспін. Қателесіп тұрсам, кешіріңіз. Шынымен, Тоқтар ағаны өмірлік үлгі тұтып, оның жолынан өнеге алып жүрген жастар бар ма екен? Егер бар болса, көңілдегі осы өкінішім аз да болса сейілер еді. Тоқтар ағаға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілеймін! Осындай алып тұлғалардың қадірін көзі тірісінде бағалай білейік», – деді Бағлан Әбдірайымов.