28.07.2026, 17:00

«Қалыңмалға 15 миллион»: Алтынай Жорабаева аста-төк құдалығын көрсетті (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Өнер иесі қызын ұзатуға дайындалып жатыр.

Әнші Алтынай Жорабаеваның отбасында қуанышты күн, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі қызын ұзатуға дайындалып жатыр.

Жақында әлеуметтік желіде әнші қызының құдалығынан кейін құдаларынан келген сый-сияпаттарды көрсетті. Бейнежазбада қазақы дәстүрге сай ұсынылған тарту-таралғылар мен ақ тілектер жарияланған.

Кадрлардан құдалардың қалыңмал ретінде 15 миллион теңге табыстағанын байқауға болады. Сонымен қатар, олар жақын туыстарына бағалы тон жауып, алтын білезіктер сыйлаған. Ал Алтынай Жорабаеваның өзіне әлемге әйгілі Graff брендінің шамамен 18 миллион теңге тұратын зергерлік жиынтығы тарту етілген.

“Жаңа құдаларымыздың ақ ниетпен алып келген сый-сияпаттары. Әкелген әрбір тартуына шын жүректен алғыс айтамыз. Береке-бірлігіміз арта берсін!” – деп жазды әнші.

Желіде тараған видео көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Әсіресе, қалыңмалдың көлемі мен қымбат сыйлықтар әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.

Айта кетейік, сырға салу мен құдалық рәсімдері өткен. Ал жастардың негізгі ұзату тойы алдағы уақытта өтеді. Бұған дейін Алтынай Жорабаева қызының тойына қызу дайындалып жатқанын айтқан болатын.