Күн сайынғы емнің артында көп қиындық барын алға тартты.
Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы тұңғыш қызының қазіргі жағдайымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесінің жары әлеуметтік желіде күн сайын кептеліс пен ыстыққа қарамай қыздары Кәусардың мақсатына кішкентай қадамдар жасап жатқанымен бөліскен.
«Қызым жүруді армандайды. Жүріп жүрген қанша адам өміріне шағым айтады. Менің ұстағым ғой Кәусарым... Шүкір етуіме мың себеп іздеуге себепкер болған батыр қызым» - деп жазды, Толқын Тұрарбекқызы.
Сонымен қатар, адамдар өзінен кемшілік іздей берсе, соны көретінін алға тартты. Өнер иесінің жарының ойынша, қиындықтан, тығырықтан шығудың жолы Тәубе ету.
«Көзің көріп, құлағың естіп, аяқ - қолың істеп тұрса онда қалған нәрсені ретке келтіруге болады. Мәселе қиындықта емес- соған деген көзқараста» - деді, өнер иесінің жары.
Тұңғыш қызына және өзіне парақшасында алғыс айтқан. Күн сайынғы емнің артында көп қиындық барын алға тартты.
«3,5 айлық Мариямым бар. Түнімен ұйқымның бөлінетіні бар. Кәусарымның денесі ауырып жылайтыны бар. Кептелістер мен ыстық бөлек әңгіме. Оңай емес» - деді ол.