$ 473.59  544.68  5.94

«Бұл тек жақсы тамада ғана»: Меруерт Түсіпбаева Мақсат Толықбайды сынап тастады

"Депутат болған азаматтар халықтың мұң-мұқтажын қаншалықты көтерді?"

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Әнші Меруерт Түсіпбаева журналист әрі Мәжілістің бұрынғы депутаты Мақсат Толықбайдың парламенттегі қызметіне қатысты пікір білдіріп, әлеуметтік желіде сыни жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі өз жазбасында Мақсат Толықбайдың депутат болған кездегі жұмысына көңілі толмайтынын айтып, халық үшін қандай нақты мәселелерді көтергені жөнінде сауал қойды. Сондай-ақ ол қоғамдағы өзекті түйткілдердің шешімін табуда халық қалаулыларының белсенділігіне қатысты ойын жеткізді.

«Тоқтар Әубәкіровке ескерткіш қойылса дұрыс болар еді. Ал депутат болған азаматтар халықтың мұң-мұқтажын қаншалықты көтерді? Ақтаудағы су мәселесі секілді маңызды түйткілдер неге дер кезінде шешілмеді? Осындай мәселелерде неге үнсіз қалды?» – деген мазмұнда пікір білдірді әнші.

Сонымен қатар Меруерт Түсіпбаева өз жазбасында Мақсат Толықбайдың бұрын асаба болғанын еске алып, сол саладағы еңбегіне оң баға бергенімен, депутаттық қызметіне қатысты сын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжілістің экс-депутаты Мақсат Толықбай «МузАРТ» тобына ескерткіш орнату және елді мекендердің біріндегі көшеге ансамбльдің атын беру туралы ұсыныс жасаған болатын. Алайда Меруерт Түсіпбаева кейінірек өзінің сыни пікірі аталған музыкалық топқа емес, Мақсат Толықбайдың қоғамдық қызметіне қатысты екенін нақтылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0