"Түбі жарып шығады бұйырса".
Танымал продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан кіші қызы Айару жайлы мәлімдеме жасады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
"Түбі жарып шығады бұйырса.
Еліміздің мақтанышы болады, бұйырса.
Бәріміз сол уақытта кезінде….
деп жымиып іштей қуанып отыратын боламыз.
Мен сіздің балаңыздың жетістігіне, сіз менің баламның жетістігіне қуанып отыратын күндер көп болсын, алтын оқырманым", - деп жады ол.
Айта кетейік, осыдан бірнеше уақыт бұрын Айару Тұрсынбекқызы тікелей эфирде өзіне хейт жазғандары "ауылдан шыққандар, колхоздар" деп кемсіткен болатын. Бұл қоғамда үлкен дау тудырды.