$ 473.59  544.68  5.94

«Жалынып жүрмейміз»: Алтынай Жорабаева экс-күйеуі Сәбиттің неге тойға келмегенін айтты (ВИДЕО)

"Тек биологиялық әкесі болғаны үшін біреуді төрге шығара алмаймын". 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Танымал әнші Алтынай Жорабаева қызының ұзату тойынан кейін журналист Анна Данченкоға сұхбат беріп, бұрынғы жұбайы, актер Сәбит Әбдіхалықовтың салтанатты шараға қатыспау себебіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің айтуынша, қыздары бір кездері әкесімен қарым-қатынасты үзбеуге тырысып, үйіне барып, хал-жағдайын сұрап тұрған. Алайда уақыт өте келе әкесі тарапынан бастама, қамқорлық немесе байланыс болмағандықтан, олар араласуды доғарған.

«Алғашында қыздар барып жүрді, үйіне де барды, жағдайын сұрады. Бірақ өзі іздемесе, хабарласпаса, көмектеспесе, біз қайта-қайта барып, жалынып жүрмейміз деп шештік», – деді әнші.

Алтынай Жорабаева қазіргі жұбайы Әлішердің қыздарына көрсеткен қамқорлығы мен әкелік мейірімін ерекше атап өтті. Оның сөзінше, жолдасы қыздарды туған баласындай қабылдап, бар ықыласын арнаған.

«Әлішер оларды өз қанатының астына алып, нағыз әкелік махаббат сыйлады. Қыздардың өзі бір жылға жетпейтін уақытта оны "папа" деп атай бастады. Мен үшін ең маңыздысы – Әлішердің оларға деген шынайы сезімі. Сондықтан тек биологиялық әкесі болғаны үшін біреуді төрге шығара алмаймын», – деді өнер иесі.

Әнші бұрынғы жұбайына ешқандай реніш сақтамайтынын да айтты. Оның сөзінше, қыздарына да ешкімге өкпе артпай, кешірімді болуды үйретіп келеді.

Сөз соңында Алтынай Жорабаева Сәбит Әбдіхалықовқа тек жақсылық тілейтінін айтып, оның қазіргі отбасымен аман-есен, бақытты өмір сүре беруіне тілектестік білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0