$ 473.59  544.68  5.94

«Киімі аз»: Алтынай Жорабаеваның қызының дүниесі талқыға түсті (ВИДЕО)

Блогер көп сынға әлеуметті желісінде жазба арнады. 

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Алтынай Жорабаеваның келіні Аяулым Жорабаева кеше ұзатылған Айнараның артынан дүниесін апарып сынға қалды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Аяулым Жорабаева өзінің жеңге ретінде алғаш қыздың артынан дүние әкеліп жатқанын айтып, қыздың киімдерін көрсетті. 

Желі қолданушылары: «Киімі аз», «Тек киім апарған ба?», Төсек көрпелері қайда?», «Дәмдерді дастарханға салмаушымеді», «Не бергенін түсінбей жатырмыз, әп әдемі киімдерді ашып көрсетсеңдер болмай ма?», «Басқа шамасы келмейтін қыздар үшін ыңғайсыз», «Қайын апаңыздың атын қалай айтасыз?», «Қылықтары жасанды», «Өте көп сөйлейді екенсіз», «Нақты - нақты сөйлеу керек, тым ұзақ сөйледіңіз» - деді. 

Блогер көп сынға әлеуметті желісінде жазба арнады. 

«Блогер болған соң, контент ретінде бәрін түсіргім келді. Бірақ, мобилографымның телефоны қызып, өшіп қалыпты. Сол себепті 1 чемодан әдемі - әдемі образдар да видеоға түспей қалыпты. Ең бастысы - құдаларымызға көрсеткен дүниеміз ұнады- деп жазды. 

Сонымен қатар, Алтынай Жорабаеваның келіні жолдасы екеуіне құдаларының құрмет көрсетіп шапан жауып, жылқы бергенін айтты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0