Белгілі әнші Жазира Байырбекова күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі қысқа ғана: «Немерелі болдық», – деп жазып, оқырмандарын қуантты. Кейін белгілі болғандай, сәбилі болған – әншінің ұзақ жылдан бергі продюсері әрі жұбайы. Осылайша Жазира Байырбекова алғаш рет әже атанып отыр.
Желі қолданушылары әншіге жылы лебіздерін білдіріп, жаңа туған сәбиге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, отбасын қуаныштарымен құттықтады.
