$ 473.59  544.68  5.94

«Мені осы күнге жеткізді»: Танымал блогер Жанар Айжанова мен Салтанат Бақаеваға қымбат сый жасады (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Кәсіпкерлік пен блогерлікті қатар алып жүрген Нұрхан Нұрмаханбет қазақ эстрадасының танымал өкілдері Жанар Айжанова мен Салтанат Бақаеваға ерекше тосынсый жасап, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кәсіпкер уақытында өзінің кәсібіне сенім артып, қолдау көрсеткен өнер иелеріне алғыс білдіру мақсатында оларға бағалы сый-сияпат тарту етті. Оның айтуынша, еңбек жолының алғашқы кезеңінде Жанар Айжанова мен Салтанат Бақаеваның көрсеткен жанашырлығы мен қолдауы бизнестің аяқтан нық тұруына үлкен септігін тигізген.

Нұрхан Нұрмаханбет жақсылықты ұмытпайтынын айтып, дәл осындай сәтте өзіне демеу болған жандарға ризашылығын іс жүзінде көрсетуді жөн санағанын жеткізді. Бұл әсерлі сәт әлеуметтік желіде кеңінен таралып, желі қолданушылары кәсіпкердің азаматтық ұстанымына оң бағасын беріп, оның ризашылық білдіру мәдениетін жоғары бағалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0