Оның айтуынша, депутаттыққа бармайды, өйткені өзін қолдайтын немесе «қорғайтын» ықпалды адам жоқ.
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева депутат болу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, депутаттыққа бармайды, өйткені өзін қолдайтын немесе «қорғайтын» ықпалды адам жоқ.
"Менде таныс жоқ. Крыша жоқ. Көтермелейтін ешкім жоқ. Мені тіпті 55 ке толамын, Павлодар облысынан бір адам құттықтамайды да. Павлодар облысынан шыққан жалғыз әншімін. Павлодар облысынан шыққан менен басқа танымал адам бар ма? Шымкентте көп, Ақтөбеде көп. Мені жерлестерім қолдамайды. Баянауылға концерт берсем де қолдамайды. Депутат болу үшін тамыр-таныс керек. Біреу тарту керек. Бір жағынан мен оған қарсымын. Таныс пайда болып, "депутат бол" десе де, мен не істеймін ол жерде? Мен депутат болу үшін жоқ дегенде кезінде заңгер, қаржыгер, экономист сынды мамандықтарды оқып алуым керек еді. Әр адам өз орнында болу керек. Блогер, шмогер, әнші, биші, күйші, спортсмендер керек емес. Ол кісілер не үшін отыр? Не істеп отыр? Олар не мақсатпен отыр? Білмеймін. Мен ондайды құптамаймын. Депутат бол десе де болмаймын. Мен дайын емеспін. Білімім жоқ", - деді өнер иесі.