Айта кетейік, Майра Мұхамедқызы – Париждегі Grand Opéra сахнасында Қазақстан атынан өнер көрсеткен тұңғыш қазақ опера әншісі.
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, опера әншісі Майра Мұхамедқызы «Алғашқы» жобасына берген сұхбатында өмірі мен шығармашылық жолы туралы айтып, көзіне жас алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әңгіме барысында өнер иесі әлемнің ірі сахналарында өнер көрсеткеніне қарамастан, қазақ мәдениетін халықаралық деңгейде жеткізуге қатысты ішкі өкінішін жасырмады.
«Қазақты мойындата алмағаныма өкінемін», – деген Майра Мұхамедқызы бұл сөзін қазақ халқы мен ұлттық өнерді әлемге кеңірек таныта алмадым деген ішкі сезімімен байланыстырды.
Айта кетейік, Майра Мұхамедқызы – Париждегі Grand Opéra сахнасында Қазақстан атынан өнер көрсеткен тұңғыш қазақ опера әншісі.
Ол ұзақ жылдар бойы Еуропа сахналарында өнер көрсетіп, қазақ мәдениетін насихаттап келеді.