07.08.2026, 13:00

«Шыдамның да шегі бар!»: Танымал блогер Бағдагүл емшіні сотқа бермек (ФОТО)

коллаж: Sn.kz

Ол туралы блогер әлеуметтік желі парақшасында жариялады.

Танымал блогер, сынықшы Айнұр Есмурзина тик - ток арқылы танылып жүрген емші Бағдагүлді сотқа беретінін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол туралы блогер әлеуметтік желі парақшасында жариялады. Оның айтуынша, тікелей эфир кезінде блогердің атын айтып, ақпараттар таратады. 

Бағдагүлді енді қоймаса сотқа беремін. Шыдамның шегі бар... Мен ол кісі туралы сөз қозғамаймын. Ол болса әр эфиріне мені қосады. Бақытты адам біреуді сөз қылмас! Ниетін түсінбедім. Әлде мені айтып охват жинап отыр ма?!- деді, сынықшы.