$ 467.48  539.52  5.73

«Біліктілік керек!»: Блогер Мөлдір Анарбаева депутаттыққа үміткер әншілер туралы айтты (ВИДЕО)

Блогер елдегі жаңалықтан хабардар екенін мәлімдеді.

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Танымал блогер, журналист Мөлдір Анарбаева Құрылтай сайлауына түсіп жатқан өнер иелері туралы пікір айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Блогер елдегі жаңалықтан хабардар екенін мәлімдеді.

«Елдегі жаңалықты сіздер сияқты біліп - көріп отырмын. Үндемей отырмын, ілмелескім келмейді. Оның жақтастары шығады, сені шақырса сенде баратын едің деп. Құрылтайға кетіп бара жатқандарды айтамын. Не деймін енді? Қызғанғандай болмайық. Бізде менде сіздер сияқты не айтамын, ойбуу деп отырмын»- деді, журналист.

Сонымен қатар, блогер адам өз мойнына көтере алмайтын жүкті арқаламау қажет екенін меңзеп, әзілмен ойын жеткізді.

«Адамның арманынан қорқатын болдық. Сәл бізді де ойлап армандаса екен. Адамға арманмен қоса білім, тәжірибе, біліктілік керек!»- деді, блогер. 

Оқырмандар да журналистің пікіріне ойларын жазды.

«Негізі саған депутат болған жарасады», «Сенен бір нәрсе шығады», «Аша мен Тамара да жүре берсінші тиіспеңдер», «Дұрыс айтасыз», «Армандау үшін Арманның қатыны болу керек», «Юмормен жеткізді, «Дөп түстің»- деді, олар.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0