Өнер иесі процедураның қалай өткенін айтып, оның ерекшеліктеріне тоқталған.
Желіде әнші Алтынай Жорабаеваның көзіне косметикалық ота жасатып жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі процедураның қалай өткенін айтып, оның ерекшеліктеріне тоқталған.
«Ескі жібін алмаймыз деді. Екі көзімді де аяқтады. Басқа жіп салды. Аллаға шүкір. Енді бұл ісіп тұр, біраз күн солай болады. Ешқандай тыртық қалмайды, тіпті ауырмайды. Кеспейді, тек жіппен тігіп береді. Майы, ескі жібі болса алып тастайды. Ауырмайды, көгермейді, ешқандай қорықпаңыздар. Ұнамаса, жіпті алып тастайды, баяғы көзіңіз қалпына келеді», – деді Алтынай Жорабаева.
Әншінің бұл процедура туралы видеосы әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын тудырды.