07.08.2026, 17:00

«Тез байыған жоқпын»: Дариға Бадықова байлығының құпиясын ашты

Фото: NUR.KZ

Актрисаның айтуынша, ол үшін адалдық пен еңбектің орны бөлек.

Актриса әрі продюсер Дариға Бадықова өзінің табысқа қалай жеткені туралы айтып, бұл жолда еңбек пен интуицияның маңызды рөл атқарғанын жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Бадықова тез байып кетті деген сөздерді естіп қаламын. Ешқандай да тез байыған жоқпын. Осы өнерде 28 жыл еңбек еттім. Жасырмаймын, интуициям алыстан сезеді. Қаншама ұйқысыз түндер болды. Қорғансыз күндерім болды. Барлық шешімді өзім шығарып, “дұрыс па, бұрыс па” деп қорыққан кездерім болды», – дейді Дариға Бадықова.

Актрисаның айтуынша, ол үшін адалдық пен еңбектің орны бөлек.

«Маған берген бақ-дәулетті мойындағыларың келмей ме? Кеудемде жаным бар екенін, осы өнер арқылы біраз жерге барғанымды туып-өскен елім біледі. Мен біреуге бермесем, алмаймын», – дейді актриса.