Әнші, актриса Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекованың қайынатасымен бірге түскен жаңа видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Желіде тараған стористе Жанар Айжанова құдасымен әзілдесіп, қызының шаңырағындағы қарым-қатынасты көрсетті. Әнші қайынатасына қарап:
«Құда, келінге жарыпсыз», – деп әзілдеді.
Осыдан кейін Айжұлдыз Адайбекова да әзілге араласып, отбасылық ортадағы көңілді сәтті бөлісті. Жанар Айжанованың еркін қалжыңы желі қолданушыларының назарын аударып, көпшілікті күлдірді.
Желі қолданушыларының бір бөлігі әншінің құдасымен еркін әзілдескеніне сүйсініп, екі жақтың арасындағы сыйластықты атап өтті.
«Құдалар арасындағы қарым-қатынастары керемет екен», «Жанар апайдың әзілі бөлек қой», «Құда мен құдағи жақын араласатыны көрініп тұр», «Келінге жарыпсыз дегені күлдірді», «Айжұлдыздың қайынатасы да әзілді көтеретін адам екен», – деп жазды пікір білдірушілер.
Ал енді бірі Жанар Айжанованың қызының отбасына жақын араласатынына назар аударған.
«Жанар апай қызының өміріне бейжай қарамайды екен», «Қыздың қайын жұртымен жақсы қарым-қатынаста болғаны қандай жақсы», «Осындай әзіл-қалжыңы жарасқан құдалар көп болсын», – деген пікірлер де жазылды.
Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбекова бұған дейін де жеке өмірі мен отбасына қатысты сәттерді әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп жүр. Ал бұл жолғы видеодағы Жанар Айжанованың қалжыңы көпшіліктің көңілінен шыққан.