$ 465.08  536.52  5.56

«Әкесі жылап қалды»: Мирас пен Құралай қыздарын ұзатты

Той барысында әнші қызына арнап ән орындады.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Белгілі әнші Мирас Бекжанов пен жұбайы Құралай Бекжанова қыздары Інкәрді ұзатып, ақ жол тіледі. Қызының ұзату тойында Мирас Бекжанов әкелік сезімге ерік беріп, көзіне жас алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әнші тұңғышының бойжетіп, өз шаңырағын құруға қадам басқанын ерекше толқыныспен қабылдаған.

Той барысында әнші қызына арнап ән орындады. Ән мәтінінде ол кеше ғана кішкентай қыз болып жүрген перзентінің бойжетіп, тұрмысқа шығып бара жатқанына әлі де сенер-сенбесін жеткізген. Әкесінің жүрекжарды әнін тыңдаған Інкәр де көзіне жас алды.

Кейін қалыңдықты әнші Жазира Байырбекова қолтықтап, күйеу жігітке қарай алып шыққан сәтте Мирас Бекжанов эмоциясын жасыра алмай, жылап жіберді.

Әке мен қыздың бұл сәті әлеуметтік желі қолданушыларын да бейжай қалдырмады.

Желі қолданушылары жас жұбайларға бақыт тілеп, Мирас Бекжановтың қызына деген ықыласына сүйсінген.

“Қызыңыз бақытты болсын”, “Әкенің жүрегі ғой”, “Әкесі қызын қатты жақсы көреді”, “Әкесін көргенде өзі де толқып кетті” деген пікірлер жазылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0