Әншінің жаңа көлігімен жүрген сәті әлеуметтік желіде жарияланып, көпшіліктің назарын аударды.
Танымал әнші Наркенже Серікбаева жаңа көлікке ие болды. Өнер иесі Lexus LX 600 маркалы жол талғамайтын көлігін тізгіндеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әншінің жаңа көлігімен жүрген сәті әлеуметтік желіде жарияланып, көпшіліктің назарын аударды. Жақындары мен оқырмандары Наркенжені қуанышты жаңалығымен құттықтап, оған ақ тілектерін арнаған.
«Құтты болсын! Су жаңа автокөлік», «Бәріне лайықсыз, астыңызда тозсын», «Құтты болсын. Бағдаршамның жасылын, жолдардың тегісін, сәтті сапарлар тілеймін», — деп жазды желі қолданушылары.
Өз кезегінде Наркенже Серікбаева қуанышына ортақтасқан жандарға алғысын білдірді.
«Армысыздар, менің жақсыларым, жанашырларым! Кешелі бері менің қуанышыма құттықтау айтып жатқан жандардың барлығына үлкен рақмет! Қуанышым баршаңызға жұғысты болсын!» — деп жазды әнші.