$ 464.02  536.18  5.54

«Барлықтарыңызды құшақтадым»: Кенжебек Жанәбілов жүрегіне жасалған отадан кейін үн қатты (ФОТО)

Әнші ота кезінде кәсіби қолдау көрсеткен мамандарға ризашылығын жеткізді.

Фото: Инстаграм
Фото: Инстаграм

Ауруханада ем қабылдап жатқан Кенжебек Жанәбілов денсаулық жағдайына қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі өзіне медициналық көмек көрсеткен дәрігерлерге алғысын білдіріп, ота кезінде кәсіби қолдау көрсеткен мамандарға ризашылығын жеткізді.

«Менің тілеуімді тілеп, жанын шүберекке түйген пенделерін Алла мейіріміне бөлесін! Бір-бірімен ақылдасып, отаның сәтті өтуіне үлес қосқан үш емханаға алғысым шексіз. Қазақта да білікті маман жетеді! Барлықтарыңызды құшақтадым!» — деп жазды Кенжебек Жанәбілов.

Еске салайық, бұған дейін әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің әріптесі әрі досы Кенжебек Жанәбіловтің жүрегіне ота жасалғанын хабарлаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0