"Мен доктор деген аты үшін ғана оқымаймын".
Танымал әнші Айгүл Иманбаева күтпеген жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі PHD алу үшін докторантураға емтихан тапсырған.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында бөлісті.
"Қоғамда қалыптасқан өте қате, теріс түсініктер бар. Әртіс-білімсіз, әртіс-клоун дейді. Бұл өте дұрыс емес ұғым. Мен өзім оқығанды, ізденгенді жақсы көремін. Төрт дипломым бар. Докторантураға тапсыру себебім мен 20 жылдық педагогикадағы жұмыс өтіліммен зерттейтін дүние өте көп. Өнердің қоғамдағы қызметі өте маңызды. Өнер адамдары жер дауы, ел дауы болғанда алдыңғы шөпке лақтыратын клоун емес. Ақымақ адамдардың қатарында емес. Қоғамда айтары бар, атқаратын міндеті, алып жүретін миссиясы бар мамандық иесі. Ол үшін тек оқу керек, даму керек. Мен доктор деген аты үшін ғана оқымаймын. Артымда қалдыратын дүние болғанын қалаймын", - деді ол.