18.08.2026, 09:40

«Әлішер қайда?»: Әнші Алтынай Жорабаеваның қызының құдалығы желіде қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Өнер иесі салтанатты шараға жақындарымен бірге келген.

Танымал әнші Алтынай Жорабаева қызының құдалығына қатысу үшін Қордайға барған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі салтанатты шараға жақындарымен бірге келген. Құдалыққа анасы және келіні де барған. Әншінің бірнеше қымбат көлікпен келгені де көпшіліктің назарын аударды.

Алайда желі қолданушылары құдалықта Алтынай Жорабаеваның екінші күйеуі Әлішердің болмағанын байқап, түрлі пікір қалдырды.

«Күйеуі тағы да жоқ», «Жігітіңіз жоқ қой», «Құдалық мың жылдық болсын», «Құтты болсын», «Әйелдерді ғана шақырған ба?», «Әлішер қайда», «Біртүрлі екен еркексіз», – деп жазды оқырмандар.